Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Сапар барысында Н. Ермекбаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал және осы саланы реттеуде мемлекет тарапынан іске асырылып отырған шаралар, өңірлік деңгейде азаматтық қоғам институттарын қолдау және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу мәселелері талқыланды.

Үкіметтік емес ұйымдармен өткен кездесу барысында Н. Ермекбаев қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі «үшінші сектор» институттарының рөліне тоқталып өтті және оларды діни экстремизмнің алдын алу шараларына белсенді қатысып, жобаларды тиісті әлеуметтік топтардың өзекті мәселелерін шешуге бағыттауға шақырды.

Министр жергілікті атқарушы органдарды өз бюджеттерін және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарының тақырыптарын қалыптастыру кезінде, ҮЕМ-мен байланысу және әкімдердің халықпен есептік кездесулері барысында тұрғындар тарапынан айтылған әлеуметтік өтініштерін есепке алудың қажеттілігіне баса назар аударуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар