Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның белсенді жастарымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында үшкүндік республикалық форум аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен «Думан» ойын-сауық орталығында делегаттарға арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге делегаттардың ішінен 2016 жыдың басынан бастап Қазақстаннның облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында сайланып алынған белсенді, шығармашыл, жұмысшы, ғалым жастар мен республикалық жастар ұйымдары мен Қазақстанның барлық өңірлерінен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

null   

Делегаттарға арналған боулинг, теннис, тимбилдинг бойынша конкурстар, сондай-ақ, концерттік шоу-бағдарламалар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар ұсынылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Астана қаласында Қазақстанның 25 жылдық мерейтойына арналған Республикалық жастар форумы өтеді.

Форумның бағыты - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл ішінде жастар мен жастар саясатының жеткен жетістіктерін көрсету, қазақстандық жастардың «Қазақстан - 2050» стратегиясының міндеттеріне жету жолында жұмылдыру, Мәңгілік Ел құндылықтары аясында жастарды біріктіру.

 null 

Соңғы жаңалықтар