Нүркен Әбдіровті еске түсіруге арналған турнирдің алғашқы жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда күрес түрлерінен Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровті еске түсіруге арналған республикалық турнирдің екінші күні 6 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Жарысты бірінші болып бастаған грек-рим күресінің шеберлері арасынан 55 келі салмақта алматылық Қорлан Жақанша жеңімпаз атанды. Финалда алматылық балуан солтүстікқазақстандық Бауыржан Садуақасовтан басым түсті.

63 келі салмақтың бас жүлдесін ақтөбелік Мейрамбек Айнағұлов жеңіп алды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері бұған дейін 59 келіде бақ сынап келген болатын. Ақтөбелік балуан жаңа салмақта қарсыластарының барлығын бет қаратпай жеңді. Финалда ол шығысқазақстандық Құдайберген Тұрсыновты тізе бүктірді.

72 келіде әлем чемпионатының тағы бір күміс жүлдегері Демеу Жадраевтың мерейі үстем болды. Алматы облысының балуаны финалда жергілікті балуан Ибрагим Магомедовті ұтты. Тартысты өткен белдесу 2:1 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ, 82 келіде жарыс жеңімпазы болып, алматылық Даниял Гаджиев танылды. 97 келіде Жанарбек Кабдолов (СКО), аса ауыр салмақта Нұрмахан Тынәлиев жеңіс тұғырына көтерілді.

Енді бүгін жарысты еркін күрес балуандары бастайды. Сондай-ақ, грек-рим күресі балуандары арасында 4 салмақтың финалдық белдесулері өтеді.

 Фото www.wrestling.kz

Соңғы жаңалықтар