Нұрбек Оршыбеков ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетін басқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім министрі Ерлан Сағадиевтің бұйрығымен Нұрбек Әбубекұлы Оршыбеков ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.

Нұрбек Оршыбеков 1979 жылы Өзбекстанда Шыршық қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

2003-2004 жылдары түрлі коммерциялық ұйымдарда қызмет еткен.

2004-2011 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы қызметінен бастап, кафедра доцентіне дейін еңбек еткен.

ҚР БҒМ құрылымында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Алматы және Астана бойынша білім беру саласындағы Бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған.

2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар