«Нұр Отанның» «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, бұл байқау еліміздің Тәуелсіздік күніне орай «Нұр Отан» партиясының 231 қоғамдық қабылдау қызметтері арасында ұйымдастырылған болатын. Жеңімпаздар азаматтардың шағым қарау мерзімінің сақталуы, шағымданушының қанағаттануы, өтінімдерге оң шешімдердің үлесі, азаматтардың проблемаларын шешу үшін жаңа әдістер енгізу сынды санаттар бойынша анықталды.

Сонымен байқаудың «Үздік мемлекеттік орган» аталымында ҚР Ішкі істер министрлігі жеңімпаз деп танылды. Ал «Үздік қоғамдық қабылдау» аталымында партияның Алматы мен Степногорск қаласындағы филиалдары жеңіске жетті. «Үздік депутат» аталымындағы сыйлық Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Татьяна Яковлеваға бұйырды.

Соңғы жаңалықтар