«Нұр Отан» партиясының жаңа доктринасы - азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған - сенатор Е. Нығматулин

None
None
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - «Нұр Отан» ХДП Саяси бюросының мүшесі Ерлан Нығматулин «Нұр Отан» ХДП Балқаш қалалық филиалының кезектен тыс ХІІ конференциясында «Партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» Саяси доктринасы туралы» баяндама жасады.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының, партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.

«Ел азаматтарының өмірін сапалы түрде жақсартуға ұмтылу, оны қоғамның көптеген мүшелерінің күш-жігерімен және әлеуметтік тұрақтылықпен қамтамасыз ету - Партияның саяси доктринасының басты міндеті. Доктрина - адамдар жаңарудың әр кезеңінде біртұтас елдің ажырамас бөлшегі ретінде сезінетін күнделікті қамқорлық пен биік мақсаттардың қосылуы болып табылады», - деп атап өтті Е.Нығматулин.

Дәл осы күні сенатор Лаззат Тұрлашов «Нұр Отан» ХДП Алматы облысындағы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс ХV конференциясына қатысты.

Жиналыста аталып өтілгендей, «Нұр Отан» партиясының доктринасында экономикалық тұрғыда өркендеп келе жатқан, әр азаматқа берік әлеуметтік кепілдіктері бар мемлекетті қалыптастыру бағытының айнымастығы қамтылған. Партияның миссиясы өркендеу жолындағы, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағдарды ұстанған мемлекетті құру және бірте-бірте дамыту жолын қамтамасыз ету болып отыр. Шара соңында Л.Тұрлашов Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесіп, аймақты дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар сенаторлар Е.Нығматулин және Л.Тұрлашов азаматтарды Палатаның заң шығару жұмысы туралы хабардар етті.

Соңғы жаңалықтар