«Нұр Отан» партиясының стратегиялық зерттеулер орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау мен стратегиялық зерттеулер орталығының таныстырылымы өтті. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде ашылған және партия қызметін талдау жұмыстарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

«2016 жылдың 6-мамырында «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің мәжілісінде Нұрсұлтан Назарбаев партияның елдегі жетекші саяси күш екендігін, осыған қарай оның идеялар генераторы болуы керектігін, ол үшін мықты талдау орталығы қажет екендігін айтты. Бүгін біз Елбасының тапсырмасын сәтті орындағанымызды ерекше мақтанышпен айта аламыз»,-деді партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Оның сөзінше, орталық - әйгілі «ақыл-ой фабрикаларының» әлемдік тәжірибесін жан-жақты зерттеген соң ғана ашылды. Орталық партияның ұзақмерзімді көшбасшылығы мен жаңа саяси бағытын талдамалық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Орталықты әлуметтану ғылымдарының кандидаты Юлия Кучинская басқарады.

null  

Соңғы жаңалықтар