Nur Kapital бағдарламасы: Мұнайлы ауданында 10 жоба іске аспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімдігінде Мұнайлы ауданынан «Nur Kapital» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын 10 жоба ұсынылды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынға облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен Өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшелері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған жобалардың жалпы құны 427 млн, несиелендіру құны 239 млн теңгені құрайды. Жобалар іске қосылғанда 154 жұмыс орны құрылуы жоспарланған. Ұсынылғандар қатарында  3 жоба өндіріс (қайта өңдеу), 2 жоба ауыл шаруашылығы, 5 жоба қызмет көрсету (білім беру, спорт, химиялық тазалау) салаларына бағытталған.  Қазіргі таңда аталмыш жобалар өз жұмыстары мен қызметтерін бастап кетуге дайын.
null

Солардың бірі -  «Шақпақ (рафинадталған) қант шығаратын цех» жобасы. Ол жеке кәсіпкер, көп балалы ана Рысханым Қабдығалиға тиесілі. Цех Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округінде орналасқан. Ғимарат аумағының жалпы көлемі - 300 шаршы метр. Жобалық қуаттылығы - тәулігіне 5300 кг (5,3 тонна). Аталған жобаның құны - 48 млн теңге.

null«Цех Мұнайлы ауданының 15 тұрғынын жұмыспен қамтып, Маңғыстау облысы бойынша қант бағасын біраз арзандатуға мүмкіндік туғызатын болады. Кәсіпкердің есептеуі бойынша, тасымалдау мен логистикаға шығын шықпайды. Егер қазіргі нарықта 1 кг қанттың орташа құны - 330 теңгені құраса, несие берілген жағдайда Маңғыстаудағы «Шақпақ қант цехы» шығаратын қант құны 30-40 пайызға арзанға түсіп, 1 кг қанттың бағасы - 230 - 250 теңгені құрайтын болады. Яғни, Маңғыстау аймағының тұрғындары үшін қант қолжетімді бағамен сатылады», - деді Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев.  

Сонымен қатар, Мұнайлы ауданынан  «Каспий» йодталған ас тұзы, жабық базары бар көкөніс, жеміс жидек сақтайтын қойма, Құмблок өндіру шағын зауыты, Құрттарды өсіру және құнарлы топырақ өндіру (биогумус) фермасы, Химиялық тазалау және кір жуу кешені, көп салалы жекеменшік спорт кешені және жекеменшік балабақшалар жобасы таныстырылды. 

Соңғы жаңалықтар