Новосібірден Павлодар мен Семейге қатынайтын автобус рейстері тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 қаңтарда тасымалдаушылар Новосібірден шығатын бірнеше автобус бағдарларын, соның ішінде Қазақстанға жүретін бағдарларды тоқтатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА news.ngs.ru-ға сілтеме жасап.

«Күндізгі және кешкі Новосібір-Чемал рейстері, Новосібір-Родино бағдарының үш күндізгі және бір кешкі рейсі, Павлодар мен Семейге жүретін 19:00-дегі рейстер тоқтатылды», - делінген автовокзалдың сайтында.

Новосібір Гидрометорталығының мәліметтеріне қарағанда, 23 және 24 қаңтар күндері Ресейдің Новосібір, Томск, Кемерово облыстарында, Алтай өлкесінде және Алтай Республикасында суық ауа райы сақталады. Температура минус 35 градус төңірегінде болады, кей жерлерде қатты аяз болып, термометр бағаны нөлден - 40 градусқа дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар