Новосібірдегі қазақтар ана тілін үйреніп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы үшінші жыл қатарынан шекаралас өңірлерде тегін қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыруда, деп хабарлайды pavlodarnews.

Биылғы жылы шараның салтанатты ашылуы  Новосібір облысы Қарасуық ауданында өтті. Оған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова, Қарасуық ауылдық округінің әкімшілігі, ақсақалдар кеңесі және қоғам өкілдері қатысты.

Курстың мақсаты  көрші елде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту,  қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету болып табылады.

Қазақ тілін оқыту курстары Наурыз мейрамы мерекесін өткізу шеңберінде облыста жарияланған тілдер мерекесімен тұспа-тұс дәл келді. Қазақ диаспорасынан жергілікті 50 өкілі  «Қазақ тілінің интенсивтік курсы» атты жаңа инновациялық әдіс арқылы тілді меңгереді. Қазақ тілін оқытуға арналған курстарды көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы, кітаптарды әзірлеуші, жетекші әрі тәжірибелі қазақ тілі маманы  Шолпан Кинжикова жүргізеді.

Айта кетейік, аталмыш шара Павлодар облысы Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен ұзақ мерзімді мәдениетаралық ынтымақтастықты іске асыру, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тармағы шеңберінде жүзеге асырылды. 

Соңғы жаңалықтар