Новоселовка ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Новоселовка ауылында пайдалануға берілген нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Гүлнұр Әнуәрбекова мен Ақмола облыстық ТЖД басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Манарбек Шапағатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында өткен жылы 919 өрт оқиғасы болса, оның 521 ауылдық елді мекендерде тіркелген. Тілсіз жаудың салдарынан 63 бас үй жануары өліп, 196 миллион 567 мың теңгеге материалдық шығын келтірілген.

Новоселовка ауылында ашылған өрт бекетін ұстап отыруға жергілікті «Новоселовка» ЖШС өз мойнына алып отыр. Бекет 2 өрт сөндіру көлігі, өрт-техникалық жабдықтар және оттан қорғайтын арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар