Нотариустарға еңбек өтілі бойынша қойылатын талап өзгереді - Әділет министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі нотариусқа кандидаттар үшін еңбек өтілі бойынша талапты жоғарылатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде нотариус атану үшін заңгерлік мамандық бойынша еңбек өтілінің екі жылдан кем болмауы, тағылымдаманың бір жылдан аз болмауы және аттестациядан өтуі талаптарын ескереді. Сонымен бірге Англияда нотариус лауазымына қолжетімділікте заңгерлік мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс істеуі талап етіледі. Швейцарияда 4,5  жыл заңгерлік қызметтен кейін ғана нотариус атануға болады. Сондықтан да Әділет министрлігі кезең-кезеңмен еңбек өтілі бойынша талаптарды екіден бес жылға дейін арттыруда қарастырып отыр», - деді Әділет министрі Марат Бекетаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, қысқарту мүмкіндігінсіз нотариуста бір жылдық тағылымдамадан өту талабын бекіту жоспарланып отыр.

«Тағылымдамадан өту - кәсіби даярлықтың маңызды бөлігі. Мысалы, ГФР-да үміткер нотариус көмекшісі ретінде үш жылдық өндірістік тәжірибеден өтуі қажет. Францияда екі жыл, оның ішінде жарты жылға жуық басқа мамандарда, яғни адвокаттарда, бухгалтер-ревизорда немесе компаниялардың заңгерлік қызметтерінде тәжірибемен қамтылуы тиіс», - деді Бекетаев.

Соңғы жаңалықтар