Норвегияда 2017 жылғы Нобель сыйлығы тапсырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Норвегияның Осло қаласында Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. 2017 жылғы әлемдік сыйлық Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық кампанияның (International сampaign to abolish nuclear weapons, ICAN ) өкілдеріне тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ICAN жүзден астам елдегі үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіреді.

Құрмет грамотасы, нобельдік медаль мен 9 млн шведтік крон (ағымдағы бағам бойынша шамамен 1,1 млн доллар) сомасындағы чек ICAN-ның атқарушы директоры, Швеция азаматшасы Беатрис Финге, сондай-ақ 85 жастағы жапондық Сэцуко Тэрлоуға табысталды. Атап өтілгендей, Сэцуко Тэрлоу жас кезінде Хиросимаға жасалған атомдық бомбалауды өз көзімен көрген, кейін көптеген жылдар бойы ядролық қаруға тыйым салу жолында күресіп келеді.

«ICAN-ның басты үндеуі - ядролық қарудан бас тартпайынша - әлемде қауіпсіз болмайды. Мұны ядролық қарудан туындайтын қауіп-қатер күшейе түскенін жіті сезінетін миллиондаған адам түсінуде. Бұл КХДР-дағы ахуалға да байланысты», - деп атап өтті Норвегиялық Нобель комитетінің төрағасы Берит Райсс-Андерсен.

Соңғы жаңалықтар