Норвегия королі ауруханаға жатқызылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 80 жастағы Норвегия королі V Харальд инфекцияға байланысты ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы корольдік сарайының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«Жоғары мәртебелі король Ослодағы Корольдік ауруханасына жұма күні жеткізілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық, тәуір болып келеді», - делінген хабарламада.

Сарайда корольдің дүйсенбі күні өтетін шараларға қатыса алмайтындығын атап өтті.

2003 жылы қатерлі ісік табылғандықтан V Харальдтің қуығын толығымен алып тастаған. 2005 жылы оның қолқасына бірнеше ота жасалды. Соған қарамастан норвегиялық монарх әлі күнге дейін салауатты өмір салтын ұстануды және саяхаттауды жалғастырып келеді.

2013 жылы патша Амазонканың жыныс ормандарын зерттеуге шыққан экспедицияға қатысқан, екі жылдан кейін Антарктидаға саяхаттаған жалғыз монарх болды. Ал 2017 жылдың тамыз айында желкенді қайық спорты блйынша «Сирия» корольдік жарыс қайығының тізгінін ұстап тұрып әлем чемпионатына қатысқан болатын.   

Соңғы жаңалықтар