Нормандияда мұраға қалдырылған үйден 100 келі алтын табылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Нормандия тұрғыны өзіне мұраға қалдырылған үйден құны 3,5 млн еуро болатын 100 келі алтын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Брюссельдегі тілшісі франциялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Мәлім болғанындай, алтын жиһаздардың астына, заттардың ішіне, іш киімдердің арасына, ванна бөлмесінде, сондай-ақ виски сусынының шөлмектеріне және өзге де көптеген құпия жерлерге жақсылап жасырылған.

Барлығы 5 мың алтын шақа табылған. Сондай-ақ салмағы 12 келі болатын екі құйма мен 7 келілік алтынның бөліктері бар. Осы оқиғаға байланысты ақпараттарда үй иесінің алтынды заңды түрде 1950-1960 жылдары сатып алып, сақтап келгендігі айтылады. Оның тіпті арнайы сертификаттары да бар көрінеді.

Соңғы жаңалықтар