«Нөлінші» сыныпты енгізу неге бір жылға шегерілді - министр жауабы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «нөлінші» сыныпты енгізу жүйесі неліктен 2020 жылға шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бағдарламада өзгерістер бар. Біздің алғашқы жоспарымызда «нөлінші» сыныпты енгізу 2019 жылға жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда бірыңғай бағдарлама және мұғалімдерді дайындау кестесі дайын. Оқулықтар сараптамадан өтті. Бірақ, ол оқулықтардың барлығы да кирилл қарпімен жазылған. Енді 400 мыңға жуық балаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басып шығару керек болып тұр. Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне көшуге байланысты оқулықтарды біржола латынша басқан дұрыс деп есептейміз. Бұл қаржы жағынан да тиімді болады», - деді министр.

Ерлан Сағадиевтың айтуынша, оқулықтарды дайындап, сараптама мен апробациядан өткізу, мұғалімдерді дайындау - барлығына уақыт керек.

«Сондықтан, нөлінші сыныпқа 2020 жылы өтеміз. Сондай өзгерістер мемлекеттік бағдарламаға енгізілді», - деді ол.

Еске сала кетейік,   Ерлан Сағадиев бұған дейін Қазақстанда «нөлінші» сынып 2020 жылы енгізілетіндігі туралы айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар