Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 330.39
EUR 392.04
RUB 5.65
CNY 50.04

«Ногу свело!» тобының солисі қазақша ән айтпақ

 «Ногу свело!» тобының солисі қазақша ән айтпақ
2017 жылғы 13 қараша 09:31 468

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Ногу свело!» тобының негізін қалаушы, солист Максим Покровский қазақша ән айтпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол Қазақстанның жас әншілері «AVESTA» тобымен өнер көрсетеді. Өнер ұжымының продюсері Жәмшид Қариннің айтуынша, әннің музыкасын Максим Покровский жазса, сөзі - Шадияр Есенәлидікі.

«Қазір Максим қазақ тілін үйреніп жатыр. Келесі жолы Алматыға келгенде жігіттермен ән жазып кетеді. Жоспар бойынша бейнебаян телеарналарға шығады. Композиция Покровский форматында көңілді, билеуге арналған. Қазақстандықтарға ұнайтын стильде ән жазу туралы өтінішті өзі айтты. Той әндерін тыңдады. Меніңше эксперимент сәтті өтті. Бұл тек рок емес, халыққа түсінікті ән болмақ», - деді Ж.Қарин.

Ән авторы өз жобасы туралы айтып берді.

«Біз Жәмшид екеуміз 10 жылдан бері ажырамас доспыз. Қазақша ән жазу бұрыннан көкейдегі идея боп тұр. Осы жұмысты абыройлы аяқтай аламын ба, ол өзінше бөлек сұрақ. Мен тіпті концерт кезінде алаңдайтын адаммын. Ал бұл жерде жаңа адамдар, жаңа орта, сондықтан, өте алаңдаулымын»,- деді Максим Покровский.

Қазір музыкант АҚШ-та тұрады. Бұрын ол қазақ әншісі Asemмен дуэт жазған болатын. Орыс тіліндегі бейнебаянның түсірілім жұмыстары Сызғанов атындағы ұлттық  хирургия орталығында өтті.

 

 

 

Басты сөздер: Аймақ, Алматы, Мәдениет,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер