Нобель сыйлығының лауреаттары мен инвесторлар Астанада бас қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында «Болашақ энергиясы» форумы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жаһандық шараға белгілі саясаткерлер, аты әлемге әйгілі ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысады. Іс-шара 29 маусым күні ашылып, көрме аяқталғанға дейін жалғасады.

Форум жаһандық энергетикалық мәселелер мен сын-қатерлерге арналған 12 тақырыптық бағыт бойынша өтеді.

Қорытынды топтама 4-5 қыркүйек күндері өтеді. Форумның соңында «ЭКСПО-2017 қағидалар мен құндылықтар манифесі» атты қорытынды құжаты қабылданады. 

Соңғы жаңалықтар