Николас Кейджден кейін әрбір қонағымызға тек шапан ғана жабамын - министр Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев шапан киген Николас Кейдждің күлкілі фотоколлаждарына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, күлкілі фотоларға Кейдждің эмоциясы себеп болған. Ал шапан жабудың өзі халқымыздың тамаша бір дәстүрі болып саналады. Енді, Николас Кейдждің арқасында осы дәстүріміз кеңінен танылды. Мен өзім оған риза болдым. Енді, өзім де бізге, ақпарат және коммуникациялар министрлігіне келген әрбір қонаққа тек шапан ғана жабатын боламын», - деп атап көрсетті Дәурен Әскербекұлы. 

Айта кетейік, жақындаАстанаға келіп кеткен Голливуд жұлдызы Николас Кейджге министр Арыстанбек Мұхамедиұлы шапан жапқан болатын. Оның дәл осы шапанмен түскен фотосы кеңінен тарап, күлкілі коллаждарға түрткі болды. Барлығы оның шапанын емес, бетіндегі эмоциясын келемежге айналдырды. Екі күннің ішінде Голливуд жұлдызының мемге айналған фотоларын Ресей мен Украинаның бұқаралық ақпарат құралдары да жариялады.Тіпті, АҚШ-тың басылымдары да басып шығарды . 

Соңғы жаңалықтар