Нигериядағы жарылыс салдарынан құрбан болғандар саны 30-ға жетті

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Сейсенбі күнгі Нигерияның Майдугури (елдің оңтүстік шығыс аймағы) қаласы маңындағы базарда болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 30-ға жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні CNN телеарнасы хабарлады, деп жазады ТАСС.

Телеарна мәліметінше, жарылыс кезінде зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмған. Бұған дейін 28 адамның қаза тауып, 83 адамның жарақат алғандығы хабарланған болатын.

Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, базардағы жарылысты жанкешті-лаңкес жүзеге асырған.

Соңғы жаңалықтар