Нигерия 17 млрд. долларлық мұнай мен газдың ұрлануын тергейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигериялық билік бұрыны президент Гудлак Эбеле Джонатанның кезінде компаниялар мен түрлі мемлекеттік мекемелердің мұнай мен отынды декларацияламай жеткізу түрінде 17 млрд долларды қалай ұрлағанын тергеуді қолға алмақ, деп жазды Forbes.

Нигерияның қазіргі президенті, ОПЕК мүшесі Мохаммаду Бухари соңғы сайлауда Гудлактан  2,5 млн дауыс артық жинады. Ол 186 млн халқы бар елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге уәде берген. Бухари мұнай секторынан ұрланған ақшаны тауып, кінәлілермен өзі жеке айналысатынын айтты. Бұдан басқа, президент оған сыбайлас жемқорлықпен күресуге кедергі келтіретіндерге де жаза қатаң болатынын ескертті. Бухари билікке келген кезінде Нигерия қазынасының бос болғанын да атап өтті.

Бейсенбі күні Өкілдер палатасының мүшесі Джонсон Агбонаинма «мұнай мен сұйытылған табиғи газды декларацияламай  жеткізу түрінде 17 млрд доллардан астам қаражатты ұрлау фактісін тексеру» қажет екенін хабарлады. 20 компания араласқан сыбайлас жемқорлық туралы істі зерделейтін комитет осы аптада құрылады.

Агбонаинмнің айтуынша, 2011-2014 жылдары мұнай мен отынның басым бөлігі АҚШ-қа, Қытай мен Норвегияға жіберілген. Ол сондай-ақ 58 млн баррель мұнай, 727 тонна отын жоғалғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар