Нидерландыда қазақстандықтарға «ақылды» ауылшаруашылық технологиялары көрсетілді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - «Қазақинвест» ұлттық компаниясы мен Нидерландыдағы Қазақстан елшілігі қазақстандық ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің қызғалдақтар еліне сапарын ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Отандық бизнес өкілдері Нидерландыдағы бірқатар ауылшаруашылық кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу институттарын аралап, ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің инновациялық технологиясымен танысты.

Сапар аясында нидерландылық кәсіпкерлер Қазақстанның аграрлық саладағы әлеуеті мен еліміздің инвестициялық климатының ерекшеліктері ұсынылған дөңгелек үстел ұйымдастырды.
null

Өз кезегінде, Еуропалық қайта құру және даму банкінің менеджері Әсел Айтқожина ҚР-дағы инновациялық ауыл шаруашылығы жобаларын несиелеу үшін қаржы институтының мүмкіндіктері туралы баяндады.

Сапардың қорытындысы бойынша, әлемдегі жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі - «Вахенинген» Нидерланды университетімен бірлесе отырып, Қазақстандағы агроиндустриялық парктің құрылуы болуы мүмкін.

«Қазақстан үлкен ауылшаруашылық әлеуетке ие. Өз кезегінде, Нидерландының кешенді азық-түлік кластерлерін құру үшін қажетті технологиясы бар», - деді ауылшаруашылық маманы Питер Смитс.

Айта кетейік, Нидерланды АҚШ-тан кейінгі екінші ауыл шаруашылығымен байланысты әлемдік экспорттаушы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар