Нейрохирург Серік Ақшолақов Ақтөбе облысының құрметті азаматы атанды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақовқа Ақтөбе облысының құрметті азаматы атағы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбеде «Тәуелсіздік түлеткен Мәңгілік ел» атты мерекелік шара марапатқа толы болды. Ақтөбе облысының құрметті азаматы атағын Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірманов, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова және «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Виктор Тиль алды.

Айта кетейік, нейрохирург Серік Ақшолақов Ақтөбеде өткен «Туған жер» форумына қатысып, жұлын ісігіне ота жасаған болатын. Ал «Туған жерім - тірегім» акциясы кезінде Ақтөбеге келіп, арнайы кездесу өткізді. Сол кезде дәрігер-нейрохирург облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сыйға тарту еткен көлікті Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасына беріп кетті.  Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туып-өскен нейрохирург бүгін өз жерінде облыстың құрметті азаматы атанды.
null 

«Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл - қазақ үшін ең құнды, ең бағалы күн. Кеше ғана Елордамызда тәуелсіздік күніне арналған арнайы кеш өтті. Бүгін Ақтөбеде үлкен жиын өтіп жатыр. Біздің мақсатымыз айқын. Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруі тиіс. Сол үшін аянбай еңбек етеміз»,- деді нейрохирург Серік Ақшолақов.  

Соңғы жаңалықтар