Несиесін төлеуден жалтарған әйел құжаттарын алаяқтар пайдаланып кетті деп арызданған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ақсу қаласының тұрғыны Наталья Агапова белгісіз біреулердің оның атынан несие алғандығын және банктың ай сайын несие төлеуді талап етіп жатқандығы жөнінде полицияға арызданған. 

Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам өз несиесін төлей алмағандықтан, осылайша міндетінен жалтарғысы келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Ол полицияға алаяқтардың келтірген шығын көлемі 301 756 теңге деп көрсеткен. - Тергеу нәтижесінде белгілі болғаны, Агапова жалған ақпараттарды жеткізген. Ақсу қалалық сотының шешімімен әйел адам кінәлі деп танылып, пробациялық бақылаумен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деді прокуратурада. 

Соңғы жаңалықтар