Несиеге ақшасы жоқтарға арендалық үйлер салынады - Нұрлы жер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылда әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін арендалық баспананы салуға 25 миллиард теңге бөлініп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылдан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ол ақша жергілікті атқарушы органдарға бөлінді. 1,5 миллиард теңгеден әрбір өңірге таратылып берілді. Ол әрбір облыста 180 пәтер салынады деген сөз. Барлығы 3 мың арендалық пәтер тұрғызылады. Бұл - жалға берілетін, бірақ сатылмайтын үйлер. Кімге беріледі? Алдымен бірінші санаттағы мүгедектер мен жетімдерге беріледі. Сосын несие ала алмайтын, қаржысы жетпейтін азаматтарға беріледі. Ал ақшасы барлар несие алса болады», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Комитет басшысының айтуынша, бір жылда 3 мың арендалық пәтер салынса, 15 жылда 40 мың арендалық баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ол үйлердің орташа ауданы 50-60 шаршы метр болады. «Биыл құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Себебі біз тиісті қаржыны бөліп бердік», - деп атап көрсетті Марxабат Жайымбетұлы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстанда "Нұрлы жер" бағдарламасы қабылдаған болатын. Оған "Нұрлы жол" бағдарламасында болған тұрғын үй жинақтары, арендалық баспана мен ипотекалык несие тетіктері ауыстырылды. Сондай-ақ, жаңа бағдарламада жеке тұрғын үй құрылысына арналған бөлім бар. Соның аясында биылдан бастап бос тұрған жерлерге инфрақұрылым желілері тартылып, ел азаматтарына жеке үйді салу үшін таратылады.

Соңғы жаңалықтар