Неміс балалары қазақ халық ертегілерін оқып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Der Zaubergarten деген атаумен неміс тілінде 1982 жылы басылып шыққан қазақтың халық ертегілері Берлиндегі Vivantes деп аталатын медициналық орталықтың балаларға арналған ойын бөлмесінде тұр. Қазақтың халық ертегілерін орталыққа емделуге келген балалар оқысын деп қойып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап.

 «Кітаптың шыққан жылына қарағанда, Германия ГДР және ГФР болып екіге бөлініп тұрған кезде жеткен. Бірақ немістердің қандай затқа болсын ұқыптылықпен қарайтыны осы кітаптан да көрініп тұр. Аса қатты ескіре қоймаған. Мазмұны тіпті бай» деп жазады «Егемен-ақпарат».

  null 

Бір қызығы кітапта басым көпшілігін бүгінгі күні өзіміз де ұмыта бастаған небір қызықты ертегілер де бар екен. Мысалы, «Күнікей сұлу» (Күн астындағы Күнікей), «Сиқырлы бақ», «Апалы-сіңілі үшеу», «Жас батыр мен жалмауыз», «Қадырдың бақыты», «Әуез ханның қырық ұлы» сияқты бүгінде көп кездесе бермейтін ертегілер осы Берлиндегі орталықтың төрінде қойылған кітапта жүр.
 null 

Тіпті онда қазақта ғана кездесетін атау сөздер мен ұғымдардың немісше түсінігі де берілген.

null null null 

Соңғы жаңалықтар