Нәзір Төреқұлов туралы деректі фильмінің тұсауы кесілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың 125 жылдығына арналған шара өтті. Оның барысында публицист әрі қазақтан шыққан тұңғыш дипломат жайында түсірілген «Нәзірдің жарық жұлдызы» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Шымкенттегі әзіл-сықақ театрында өткен «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты шараны облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі ұйымдастырды. Басқосуға облыстық, қалалық және аудандық мәдениет мекемелерінің, жоғары оқу орындарының, жастар ісі бөлімдерінің басшылары, кітапхана меңгерушілері мен студенттер қатысты. Тағлымы мол  шарада қажырлы қайраткерлігі ұрпаққа өнеге болған Нәзір Төреқұлұлының ерен еңбегі сөз болды. Сондай-ақ қоғам қайраткерінің ғибратты ғұмырындағы атқарған орасан зор еңбегін көпшілікке насихаттау мен оны өскелең ұрпаққа тереңірек таныту, тарих тұлғасын дәріптеу жайы айтылды.

null 

Жиын  барысында «Нәзіртану негіздері» мен «Нәзір Төреқұлов: қоғамдық-саяси қызметі», сондай-ақ «Н.Төреқұлов: архивтік құжаттар мен материалдар жинағы» және «Н.Төреқұловтың өзбек тіліндегі шығармалары мен материалдар жинағы» атты кітаптардың  тұсаукесері өтті. Аталған кітаптар қосымша оқу құралы ретінде тарихшылар мен қоғамтанушы ғалымдарға жəне жоғары оқу орындарының студенттері мен көпшілік оқырман қауымға арналып шығарылған. Аталған құнды дүниелер қала-аудандардың  орталық және жоғары оқу орындарының кітапханаларына сыйға тартылды.

null 

Шара аясында «Нәзірдің жарық жұлдызы» деректі фильмі көрсетілді. Фильмді түсірген ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі. Продюсері - тарихшы, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары  музейінің директоры Батырғазы Серғазиев, режиссері - алаштанушы Тілеген Ахмет, сценарийін жазған - ҚР Мәдениет қайраткері, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директор орынбасары Гүлмира Серікбаева, фильмнің консультанты - М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, т.ғ.к.Гаухарбек Тілеуқұлов.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар