Назарбаевқа Токай университетінің құрметті докторы атағы берілді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Токай университеті инженерлік ғылымдарының құрметті докторы атағы салтанатты жағдайда табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Токиодан.

«Біз Қазақстан Республикасының Президентіне университетіміздің білім беру қызметін жете түсініп, зор үлес қосқаны үшін шынайы ризашылығызды білдіргіміз келеді. Ұлы мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа Токай университеті инженерлік ғылымдарының құрметті докторы атағын табыс етеміз», - деді салтанатты шара барысында Токай университетінің ректоры Ямада Киеси.

Осыдан кейін ол Елбасына  құрметті доктор  дипломы мен естелік төсбелгіні табыс етті.

Айта кетейік, Токай университеті Авиация ғылымдары колледжінің базасында құрылған болатын. Қазіргі уақытта ол Жапониядағы ең ірі көпбейінді жоғары оқу орындарының бірі саналады. 

Университет өзінің тиімді үздіксіз білім беру жүйесімен ерекшеленеді. Оның құрамына 4 балабақша, 22 жалпы білім беретін мектеп, 2 колледж және жоғары оқу орындары кіреді. Токиода және елдің бірқатар өңірінде 8 университеттің кампусы бар. Онда бакалавриаттың 77 және магистратураның 34 бағыты бойынша 30 мыңнан астам студент білім алуда. Оның 738-і шетелдік студенттер. Қазіргі уақытта Токай университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 5 магистрант пен 1 докторант білім алуда. Жалпы бұл білім ордасын 16 қазақстандық техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша бітірген еді.

Бұл жоғары оқу орны Жапонияның  инженерлік ғылым, физика, химия, ақпараттық технологиялар, медицина, робот техникасы, нанотехнология, өмір туралы ғылым, энергетика сынды салаларында жоғары нәтижеге ие.

1978 жылдан бері Токай университеті түрлі қызмет саласындағы тамаша жетістіктерді үшін құрметті доктор атағын беріп келеді. Осы уақытқа дейін бұл атақты 34 адам алған, олардың бесеуі шет мемлекеттердің басшылары мен үкімет басшылары. 

 

Соңғы жаңалықтар