Назарбаевқа ҚХА меценаттары таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы "Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы" атты мерекелік жиын барысында Мемлекет басшысына Қазақстан xалқы Ассамблеясының меценаттары таныстырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын кезінде жарияланған мәліметке сәйкес,"Қайырымдылық керуені" акциясы аясында 595 000 адамға 6 млрд. 541 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, "Қамқор" акциясы кезінде ардагерлер мен әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға 648 млн. теңге аударылды. Ал "Қазақстан" телеарнасындағы "Шын жүректен" телемарафонында 65 млн. теңге жиналды. Сол сияқты "Қоржын" акциясы аясында 243 млн. теңге жиналып, 91 балаға аса күрделі әрі қымбат медициналық жәрдем берілді. "Ақ орамал" акциясының қорытындысы бойынша көпбалалы жанұяларға 3 млн. 371 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ қан онкологиясымен ауыратын 300 балаға 40 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

"Мен - төрт баланың анасымын. Бәріміз де еліміздің қайырымдылық пен ізгіліктің мекені екенін білеміз. Менің ұлым - Әлиасқар өз анасының дауысын ести алмады,  айналадағы дыбыстарды ести алмайтын еді. Оған аса қымбат есту аппараты керек болған. Ондай ақшамыз да болмады. Сол кезде Қазақстан xалқы Ассамблеясы келіп, бізге көмек қолын созды. Осылайша, менің ұлым анасының дауысын ести бастады", - дейді Айнаш Сағындықова.

Соңғы жаңалықтар