«Назарбаев» зияткерлік мектептері мұғалімдерінің 70 пайызы аттестациядан өтпеді деген ақпарат жалған - Сағадиев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Назарбаев» зияткерлік мектептері мұғалімдерінің 70 пайызы аттестациядан өтпеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оны Эльмира Амангелдіқызы (Білім және ғылым вице-министрі Суханбердиева) БАҚ өкілдерінің алдына бірнеше рет шығып айтқан болатын. Бұл дұрыс түсіндірмеуден орын алған жайт»,-  деді Ерлан Сағадиев.

Естеріңізге сала кетсек, отандық бірқатар БАҚ "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинованың Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші мектептерінің форумында мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен білімін өткір сынға алғандығын жазған болатын. Шәмшідинованың айтуынша, мұғалімдердің тек 5 проценті ғана қарапайым тест бойынша барлық 25 сұраққа жауап берген. Ал сынақ тапсырған ұстаздардың 70 проценті шекті 13 балды да жинай алмаған.

Соңғы жаңалықтар