Назарбаев зияткерлік мектебінің домбырашылары қобызшылар ансамблімен бірге өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының сахнасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған симфониялық оркестрінің «Тәуелсіз Қазақстан -Тұғырлы Ел» атты концерті өтеді.

Оның көркемдік жетекші - Халықаралық байқаулардың лауреаты Берік Батырхан. Бас дирижері - Халықаралық байқаулардың лауреаты Ернар Нұртазин.

Концерт жас және талантты физика-математикалық бағытындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің  «Жігер»  домбырашылар ансамблінің  және «Қорқыт ата»  қобызшылар ансамблінің қатысуымен өтеді.

Оркестр құрамында халықаралық байқаулардың және фестивальдардың лауреаттары. Оркестрдің репертуарынан шетелдік, орыс және заманауи қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалады.

Симфониялық оркестр елордада 1000 аса классикалық музыка концерттері және ондаған жеке жобаларды өткізді. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен бірлескен концерт - Астанада жаңа музыкалық оқиға болмақ.

Соңғы жаңалықтар