Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 оқушысы ауруханаға түсті - Алматы облысы

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр. 

null
Бүгін бір күнде 8 оқушы инфекциялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ауруханаға түскен балалардың сөзінше, олар мектептегі асханадан тамақтанғаннан кейін өздерін жайсыз сезініп, құсып,  іштері өткен. Қазір барлығы дерлік тиісті емдерін қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастардың жалпы жағдайы орташа деп бағалауда.

«Асқазан-ішек жолдары негізінен зақымданған. Қазіргі клиникалық белгілері асқазан-ішек жолдарының зақымданғанын көрсетіп тұр. Шұғыл хабарлама санэпидстанцияға жіберілді», -  деді дәрігер Күләйша Өнер.

Ал  Назарбаев зияткерлік мектебіндегілер бұл жайт бойынша әзірге сұқбат бере алмайтындарын айтты.
null null null

Соңғы жаңалықтар