Назарбаев зияткерлік мектебі МС Сайлаубек туралы жазылған оқулыққа түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Назарбаев зияткерлік мектебінде рэпер МС Сайлаубек туралы жазылған «Қазақ тілі» оқулығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Аталған «Қазақ тілі» жинағының құрастырылуына және басылып шығуына «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қатысы жоқ. Кітап жекеменшік жолмен шығарылған. Аталған мазмұндағы тест тапсырмалары зияткерлік мектептерге түсу үшін конкурстық іріктеуде қолданылмайды,» - деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Педагогикалық өлшеулер орталығы директорының орынбасары Айдана Шилібекова.

Айта кетсек, бұған дейін өзінің фейсбук парақшасында Киікбай Жақыпұлы есімді қолданушы «Масқара! Назарбаев мектебіне түсу үшін арналған сұрақтардың ішінде Сайлаубекті ( ия кәдімгі түсініксіз рэппер ) білу керек! Айтарым жоқ... не болып кетті!» деген жазбамен видео қалдырған болатын. Видеода Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай атты авторлардың жазған кітаптарында МС Сайлаубек туралы мәлімет пен тест сұрағы берілген.

«Қазақ тіліне Назарбаев мектебіне дайындалатын кітап. Ішінде 75-ші бетте Сайлаубек туралы айтылған. Неге қазақтың басқа тұлғалары жайлы айтылмайды. Неге МС Сайлаубек айтылады. Соншалықты ол не еңбек сіңірді», - делінген видеода.

Видеода аталған оқулықтың алғашқы беттерінде «Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсушілерге арналған тест тапсырмалары жинағы» деп жазылған.

Соңғы жаңалықтар