Назарбаев Токиодан тікелей телекөпір арқылы «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосты

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапары аясында тікелей телекөпір арқылы Алматы қаласында металл бұйымдарын шығаратын «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосты.

Тікелей көпір барысында Алматыдан қала әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйлеп, зауытты қосуға рұқсат сұрады. «Рұқсат, кәсіпорынды іске қосыңыздар», - деді Токиодан ҚР Президенті. 

Айта кетерлігі, «Tokyo Rope Almaty» компаниясы алдағы уақытта Алматы металл бұйымдары зауыты деп аталатын болады. Компанияның 100 пайыз құрылтайшысы әрі негізін қалаушы Жапонияның «TOKYO ROPE MFG» холдингі саналады.  Зауыт инфрақұрылымдық нысандардың кешенді инженерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету металл жүйелерін, тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін болат металл бекіту жүйесін, болат арқандар шығарумен айналыспақ.
null  

Жалпы инестиция көлемі 25 млрд. теңгені құрайды. Жоба 2016-2020 жылдары жүзеге асырылмақ.  Бірінші кезеңде 10 млн., екінші кезеңде 20 млн., ал үшінші кезеңде 40 млн. доллар қаржы құйылады. Зауыт аймағы 5 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта онда учаскені рәсімдеу және негізгі цехтарды салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Компания толық қуатына көшкеннен кейін жылына 50 млн. доллардың  5 мың тонна металл бұйымдарын, 7 мың тонна болат арқандарын шығарады. 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтиды. Өнімдерін Орталық Азия, ТМД елдеріне, Сауд Арабиясына, Пәкістан, Иран, Ауғанстан, Моңғолия, Үндістан мемлекеттеріне жеткізетін болады.

«Tokyo Rope Almaty» зауыты әлемде баламасы жоқ жоғары технологиялық металл өнімдерін шығаратын ТМД-дағы бірегей кәсіпорын болмақ. Барлық технологиялық желі мен құрал-жабдықтар Жапонияда шығарылған. Зауыт жоғары жапондық сапамен Қазақстанда шығарылған -  «Made in Kazakhstan» эксклюзивті брендімен өнім шығарады деп жоспарлануда.

null  

Соңғы жаңалықтар