Назарбаев Тәжікстан президентін ИЫҰ саммитіне шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловпен кездесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспаөз қызметі.

Кездесу барысында Тәжікстан мен Қазақстанның екіжақты және көпжақты ықпалдастықтығының өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның атына 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін шақыруын табыс етті. Э. Рахмонның жұмыс кестесі Саммитке жеке қатысуға мүмкіндік беретіндігіне үміт білдірді.
null  

Бұдан кейін елші Министрді Қазақстандағы мемлекеттік билік арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Халыққа үндеу және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау мазмұнымен таныстырды.

Атап айтқанда, алдағы реформалау барысында Мемлекет басшысы өзінің 40-қа жуық өкілеттіліктерін Парламент пен Үкіметке беретіні аталды. Президент үшін жаңа жағдайларда стратегиялық міндеттер, билік тармақтары арасындағы жоғары төреші рөлі басымдық болады. Сонымен бірге, Президент сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс саласын қадағалайды. Бұл орайда Парламент пен Үкіметтің рөлі арта түседі. Сондай-ақ, Жолдау аясында Мемлекет басшысы елдің жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа үлгісін жасау міндеттемелерін қойды.

«Сұхбат соңында қазақстандық дипломат С. Асловқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазақстан-тәжікстан қарым-қатынастарын стратегиялық әріптесік рухында нығайту ісіндегі жемісті ынтымақтастыққа дайындығын жеткізді»,-делінген сыртқы істер ведомствосының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар