Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысын тағайындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Талғат Маратұлы Татубаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. 

Талғат Маратұлы 1976 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР Бас тергеу комитетінің Қарағандыдағы жоғары мектебін бітірді.

1997-2005 жылдары - Қарағанды облысы ІІББ тергеушісі, аға тергеуші, бөлім басшысының орынбасары, басқарма басшысының орынбасары.

2005-2009 жылдары - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы.

2009-2012 жылдары - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) тергеу департаменті басшысының орынбасары, қылмысты ашу департаментінің басшысы.

2012-2013 жылдары - Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) басшысының орынбасары, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысының бірінші орынбасары.

2013-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі.

2014-2016 жылдары - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеу департаментінің жетекшісі.

2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың Ұлттық бюросы төрағасының орынбасары болып тағайындалды..

«Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медельдарымен, қаржы полициясының медальдарымен марапатталған.
Үйленген, екі қызы, ұлы бар.

Соңғы жаңалықтар