Назарбаев: Шетелде ІТ-жобалармен айналысатын отандастарымызды елге тарту керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелде ІТ-жобалармен айналысатын отандастарымызды елге тарту керек. Бұл туралы цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЖОО ғылыми-зерттеу базаларында, сонымен қатар «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» мен Назарбаев Университеті сынды инновациялық кластерлер аясында құзыреттілік орталықтарын дамыту қажет. Олар жаңа технологияларды енгізуді, оның ішінде экономика салаларын цифрландыруды ілгерілетіп, жаңғыртуға жәрдем берулері қажет», -  Елбасы.

Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 көрмесі павильондарының бірінде ІТ-стартаптар технопаркі құрылатындығын атап өтті.

«Ол жаққа идеялары бар жастар, талантты адамдар келіп, енгізуге дайын жобаларымен шығу үшін барлық жағдай жасалатын болады. Ол біздің және бүкіл әлемнің таланатты мамандарының идеяларын, технологияларын, цифрлық шешімдерін тартатын орталыққа айналуы қажет. Олар біздің мектептерде, жоғары оқу орындарында және мамандар арасында бар екендігін білемін. Олар үшін қандай мүмкіндік болса, соның барлық жағдайын жасау керек. Шетелде жұмыс істеп, ІТ-жобалармен айналысатын біздің азаматтарға айрықша назар аударып, тарту қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар