Назарбаев: Шавкат Мирзиеевтің сапары ынтымақтастық пен әріптестіктің жаңа белесіне жол ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шавкат Мирзиеевтің елімізге алғашқы мемлекеттік сапары ынтымақтастық пен әріптестіктің жаңа белесіне жол ашты. Бұл туралы бүгін Ақордада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен болған келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің тығыз мәдени-тарихи байланыстарымыз достық қарым-қатынасымыздың маңызды факторы саналады. Миллионнан астам этникалық қазақ Өзбекстанда тұрып жатыр. Шамамен 500 мың өзбек екі мемлекетті де өз отандары санайды», - деп атап өтті Елбасы.

Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөздер барысында өзбек әріптесімен мәдени күндер өткізу жайында уағдаластық жасағандығын атап өтті.

«Қазақстан Өзбекстан жастарын, студенттерін біздің жоғары оқу орындарында оқуға шақырады. Сондай алмасу жасау қажет шығар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар ҚР Президенті Қазақстандағы өзбектердің өз мәдени орталықтары, театрлары бар екендігін, ҚХА, Парламент құрамында да мүшелері сайланғанын, қажеттілік бар жерлерде өзбек тіліндегі мектептердің жұмыс істеп тұрғанын баса айтты.

«Бүгінгі келіссөздер нәтижесіне мен өте жоғары баға беремін. Шавкат Мирзиеевтің елімізге алғашқы мемлекеттік сапары ынтымақтастық пен әріптестіктің жаңа белесіне жол ашты деп санаймын. Өзбекстан өсіп, өркендей берсін! Бауырлас өзбек халқына бақ, береке тілеймін!», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар