Назарбаев пен Рухани шағын құрамда келіссөз өткізіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани арасында шағын құрамдағы келіссөз өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанға ресми сапармен келген Иран Президентін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алып, тараптар бір-біріне өз елдерінің Үкімет мүшелерін таныстырды. Келесі кезекте Қазақстан Президенті мен мәртебелі мейман арнайы дайындалған мінберге көтеріліп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Осыдан кейін президенттер салтанатты жағдайға орай сап түзеген құрмет қарауылының алдымен жүріп өтіп, шағын құрамдағы келіссөздер өткізу залына кірді.

Шағын құрамдағы келіссөзден кейін тараптардың кеңейтілген құрамдағы келіссөздері күтілуде. Келіссөздер қорытындысына орай Қазақстан мен Иран бірінші басшыларының бірлескен мәлімдемесі мен екіжақты ынтымақтастық құжаттарына қол қою жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар