Назарбаев пен Путин Украина мен Сириядағы ахуал жөнінде пікір алмасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аспектілерін талқылады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Украина мен Сириядағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, алдағы кездесулердің кестесі қарастырылды.

 

Соңғы жаңалықтар