Назарбаев пен Мирзиеев шекарааралық өзендерді тиімді пайдалануға уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері шекарааралық өзендерді тиімді пайдалану жөнінде уағдаласты. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келіссөздер барысында біз су-энергетика кешені мәселелеріне айрықша назар аудардық. Орталық Азияның шекарааралық су ресурстары ортақ құндылық болып саналатындығын тағы бір мәрте қуаттадық және біз бауырлас көршілеріміздің суды пайдалану ниеттеріне толықтай түсіністікпен қараймыз. Біз оған қатысуға дайынбыз. Бірақ, аталған өзендердің төменгі сағасындағы барлық елдерге нұқсан келмеуі тиіс», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, аталған шекарааралық суларды ақылға салып пайдалану ондаған, миллиондаған тағдырларға, Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен әл-ауқатқа қатысы бар.

«Біз Арал теңізі төңірегіндегі ахуалды да талқылап, кезекті мәрте Арал теңізін құтқару халықаралық қоры бұл проблеманы шешетін және біздің елдерімізді байланыстыратын негізгі платформа деген ортақ пікірге келдік», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар