Назарбаев пен Мирзиеев бірлескен декларацияға қол қойды
Сондай-ақ келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ӨР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов Өңіраралық ынтымақтастық туралы келісімге, 2017-2019 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық стратегиясына, Табыспен бірге қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
Ал ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен ӨР Сыртқы экономикалық байланыстар, инвестициялар және сауда министрі Элёр Ганиев Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен ӨР Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын, ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен ӨР Қорғаныс министрі Кабул Бердиев Қорғаныс министрліктері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеді.