Назарбаев пен Әбу-Дабидің тақ мұрагері екі елдің ынтымақтастық мәселелерін талқылады

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында Әбу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Арнұр Рахымбеков Әбу-Дабиден.

Келіссөздер БАӘ Үкіметінің «АльМушриф» резиденциясында өтті. Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен Әбу-Дабидің тақ мұрагері екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, сонымен қатар халықаралық күнтәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктері үшін Астана қаласында және Абу-Даби қаласында жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Ислам істері және уақыфтар бас агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, «АСТАНА ЭКСПО-2017» және «ЭКСПО ДУБАЙ 2020» бюросы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум, Маңғыстау облысы әкімдігі мен DP World FZE компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігі арасындағы Консулдық мәселелері бойынша бірлескен комиссия құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Экономика министрлігі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Құрлықтағы және су көлігі федералдық агенттігі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің автокөлік арқылы халықаралық тасымалы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум рәсімделді.

null null  

 
Соңғы жаңалықтар