Назарбаев Пәкістандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Пәкістандағы ұшақ апаты салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Пәкістан халқына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар