Назарбаев өз мақаласы арқылы Ресейге кеңес беріп отыр - сарапшы Нұрша

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан - Ресей» сарапшылар форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған өзекті бір мәселе айтылды. Ол Ресей Федерациясына да тікелей қатысы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы әлемдік экономика мен саясат институтының маманы Асқар Нұршаның айтуынша, бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласын әркім өзіне жақын мәселелердің тұрғысынан топшылайды. Бірақ, аталған мақалада Қазақстанның өткен-кеткен тарихқа қатысты компромисті ұстанымы көрініс тауып отыр. «Мәселен, қазіргі кезде XX ғасырға қатысты екіжақты тарихи көзқарас бар. Біреулер оны «коллониализм дәуірі - ашаршылық пен ұлт қаймақтарының қырылған уақыты, сосын экологиялық апаттардың кезеңі» десе, енді біреулер сол кездегі индустриализацияны, тың игеру мен халықтар достығын алға тартады. Былайша айтқанда, бір жағы - негатив, екінші жағы - позитив. Президент болса, өткен тарихқа қараудың компромисті жолын ұсынып отыр. Оның айтуынша, тарихтың қатерлі тұстарын жоққа шығармай, оң тәжірибенің бар екенін мойындауымыз қажет. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарда да сондай «формула» болуы тиіс. Негізі, ресейліктер оны жақсы түсінеді. Алайда Еуропа мен Украинамен қызу пікірталасқа түскенде өткен тарихты толығымен қорғап шығуға тырысады. Тарихтың қатерлі беттерін мойындау қажет. Одан Еуропаның державалары да өтті. Әйтпесе, тарихтың сол бір қатерлі тұстары бәрімізді тығырыққа тіреп, үнемі бас ауруымызға айналып отырады», - деді Нұрша бүгін Астанада өткен «Қазақстан - Ресей» сарапшылар форумында.

Айта кетейік , Қазақстан - Ресей сарапшылар форумы Қазақстанның xалықаралық қатынастар кеңесі, "Валдай" пікірталас клубы мен "Парасат" жүйелі зерттеулер институтының бастамасымен өтіп отыр. Сессия кезінде сөз алған қазақ-қытай ынтымақтастығы жөніндегі "China Center" xалықаралық орталығының бас директоры Әділ Кәукенов Ұлы Жібек жолы жобасына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.5 Ал ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы әлемдік экономика мен саясат институтының маманы Асқар Нұрша Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттықтың тепе-теңсіздігіне тоқталды . 

 

 

Соңғы жаңалықтар