Назарбаев: Мен Ақтөбеде миллион адамның тұрғанын қалаймын

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жұбановтар әлемі орталығын аралап, кейін өңірдегі ақын-жазушылармен, өнер адамдарымен, белсенділермен,  меценаттармен кездесті, деп хабарларды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Жұбановтар әлемі орталығы 100 күн ішінде салынды. Мұнда ақын-жазушылар шығармашылық кештерін өткізіп, талантты жастар өнерін шыңдай алады. Кәсіпкер Қайрат Мәйтеков құрылыс кезінде 300 миллион теңге қаржы бөліп, алдағы уақытта өнер ортасының жұмысын өз қамқорлығына алмақ. Бірегей өнер ордасын аралап көрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде атқарылып жатқан оң істерге тоқталды.

«Қазақстанда ірі қалалардың болғаны дұрыс. Алматы халқының саны 1 миллион 300 мыңнан асты. Астана халқы күн сайын артып келеді. Шымкент миллионға, Ақтөбе халқының саны жарты миллонға жетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері Ақтөбе халқының саны екі есеге өсті. Бұрын 240 мың болса, қазір 500 мыңға жуықтады. Мен бұл қалада миллион адамның тұрғанын қалаймын. Жаңа ықшам аудандар салынып жатыр. Адамдар бұл өңірге көшіп келіп, өмір сүргісі келеді. Бұл жерде мүмкіндік бар. Бүгін Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болдым. Жаңа зауытта 700 адам жұмыс істеп жатыр. Зауыт - Ақтөбе облысының ең ірі өндіріс орындарының бірі. Ал Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Қазақстандағы, Орталық Азиядағы жалғыз өндіріс орны. Біз индустриалды өндіріс орындарын салып, зауыт, фабирикалардың құрылысын жүргізіп жатырмыз. Жол салынып жатыр. Ақтөбеде газ бар, Қытайдан Еуропаға бағытталған жол сіздер арқылы өтіп жатыр. Көлік бұл - өмір. Көлік қозғалысы бар аумақта ауыл бар, жұмыс табылады. Әрі қарай бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Қазақстанның барлық аймағы жолмен қамтылады. Жол бұл - даму», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы Ақтөбеге сапары кезінде Шығармашылық академиясын, Өнер орталығын қарады. Әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты.

«Әлеуметтік жобаларды қарап шықтым. Құрылыс кезінде жеке меншік қаржы қолданылып жатыр. Қазақстан кәсіпкерлердің дамуына барлық жағдайды жасады. Кәсіп ашып, баюға мүмкіндік берді. Кейін табыс тапқан соң бір бөлігін халыққа беру қажет екені айтылды. Балаларға, аз қамтылған отбасыға береді, мектеп, интернат салады. Мәселен, қытайлық мұнай компаниясы Өнер орталығын, «ERG» компаниялар тобы Шығармашылық сарайын салды»,- деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

null

Соңғы жаңалықтар