Назарбаев қызылордалық ертегіші қызға кітап сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қызылордалық оқушы Алтынайға «Еуразия жүрегінде» кітабын сыйға жіберді.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қиялы жүйрік, ойынан ертегі құрастыратын Алтынай есімді балғын қыз Қызылордада тұрады. Өскенде ақын, жазушы болуды армандайтын Алтынай Берік, 7 жасынан ертегі жазып келеді. Бүгінде оның топтамасында 40-қа жуық ертегі бар. Оның дені жан-жануарлармен байланысты. Мәселен, «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» және т.б. 

«Бүгінде түрлі облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Алтынай, алғашқы жүлдесін «Жас өркен» серіктестігі ұйымдастырған «Үш бәйтерек» жылына арналған бәйгеге қатысып, Алматыдан алып қайтты. Көп балалы отбасында Алтынай екінші бала. №267 мектептің 5-сынып оқушысы оқуда озат», - дейді әжесі Шолпан Шәріпбайқызы.

Айта кетейік, жуырда Алтынай Елбасын Конституция күнімен құттықтап, хат жолдады. Мемлекет басшысы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, сый ретінде «Еуразия жүрегінде» кітабын жіберді. Алтынайдың ертегісін кез келген республикалық балалар журналынан тауып оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар