Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасында ғылыми консорциум құруды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Челябинскіде өткен Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі ел ғалымдарының ғылыми консорциумын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Бүгінде Қазақстанның 30 жоғары оқу орны ресейлік ЖОО-лармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуде. Перспективалы бағыттар бойынша Қазақстан мен Ресей ғалымдарының ғылыми консорциумын құру мәселесін пысықтаудың маңызы бар. Атап айтқанда, био-және ақпараттық технологиялар, энергетика, ғарыш және басқа да салалар бойынша», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Назарбаев университеті, Инновациялық технологиялар паркі, ресейлік «Сколково» орталығы сынды инновациялық кластерлердің және өзге де ғылыми-зерттеу құрылымдарының әлеуетін пайдалану мүмкіндігін атап өтті.

Елбасының айтуынша, бірлескен жұмыстар үшін Астана-ЭКСПО инфрақұрылымының базасында құрылып жатқан «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, IТ-стартаптар халықаралық технопаркі және «Жасыл» технологиялар және инвестициялар халықаралық орталығы пайдалы болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, білім беру қызметтеріне сұраныс аса жоғары еліміздің үш өңірінде ресейлік ЖОО-лардың филиалын ашу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтып өтті.

«Елдеріміз арасында халықаралық білім беру хабтарын қалыптастыруға жағдай жасау аса маңызды. Бұл үшін білім беру бағдарламалары, соның ішінде ашық онлайн-білім беру курстары саласындағы өзараәрекеттестік бағытында жұмыс жасауға болады», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар