Назарбаев АҚШ-тағы сайлау нәтижесіне орай пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та өткен сайлау нәтижесі жетекші державалар арасындағы диалогтың жандануына үміт артуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы бүгін  «Астана» клубының екінші отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі әлем дамуының қарама-қайшы  трендтеріне  байланысты тұрақты үрдісті ұстап  тұру әзірше қиын. Жалпы, АҚШ-та өткен сайлау нәтижесі жағдайдың жақсара түсуіне белгілі бір үміт артуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жетекші державалар арасындағы сұхбаттың жаңғыруына және олардың арасындағы негізгі қарама-қайшылықтар бойынша ымыраға қол жеткізуге талпынысқа мүмкіншілік артатындығын айтып отырмын», - деді Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінгі күні Қазақстанның экономикалық дамудағы қарқыны жоғары екендігін және бұл қазіргі әлемдік экономиканың ағымдағы  даму қиындықтарына қарамастан маңызды міндеттерді шеше алатындығын баса айтты. 

«Сіздер біздің мұнай, газ және басқа да өнімдерді өндіріп экспортқа шығарып келген мемлекет екенімізді білесіздер. Экспорттық бағаның төмендеуіне байланысты бюджетке қаржының басым бөлігі түспей жатыр. Дегенмен, бұған қарамастан,  мемлекеттің халық алдындаңғы әлеуметтік жауапкершілік мәселесі 100 пайыз орындалады», - деді Елбасы.  

Соңғы жаңалықтар