Найзағай тұтас бір қаланы жарықсыз қалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Найзағайдың аса қуатты соққысы Ямал-Ненецк автономды округінің әкімшілік орталығы - Салехард қаласы тұрғындарын жарықсыз қалдырды.

Қазіргі уақытта қалада электрмен қамтамасыз ету біртіндеп қалпына  келтіріліп жатыр. Аймақ басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдаршамдар мен дүкендер  жұмыс істей бастады. Салехардта әзірге ешқандай төтенше жағдайлар тіркелмеген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар